Раиси Иранның ұлдар волейбол командасын Азия чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i71444-Раиси_Иранның_ұлдар_волейбол_командасын_Азия_чемпионатында_жеңімпаз_атануымен_құттықтады
ИИР Президенті 16 жастан төмен ұлдар арасында өткен Азия чемпионатында ұлттық волейбол командасының жеңіске жетуімен құттықтады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 30, 2023 20:55 Asia/Almaty

ИИР Президенті 16 жастан төмен ұлдар арасында өткен Азия чемпионатында ұлттық волейбол командасының жеңіске жетуімен құттықтады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси ұлттық волейбол командасының Азия чемпионатында жеңіске жетуін исламдық Иран перзенттерінің қарым-қабілетінің белгісі әрі болашақта жасөспірімдердің жетістік шыңдарын одан ары бағындыратынын сүйіншілейтін хабар деп атады.   

Кеше, сенбі Иранның ұлдар волейбол командасы Азия чемпионатының финалында Өзбекстан командасын жеңіп, чемпион атанды.