Шахшырақ кесенесінде қаза тапқандардың жаназасы шығарылды
Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылдан қаза тапқан екі адамның жаназасын шығару рәсімі Фарс облысы тұрғындарының ауқымды қатысуымен Шираз қаласының Шәһидтер алаңынан хазірет Ахмед бен Мұса (ғ.) кесенесіне дейін жалғасты.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылдан қаза тапқан екі адаммен қоштасу рәсімі бүгін, сәрсенбі Фарс облысы тұрғындарының ауқымды қатысуымен Шәһидтер алаңынан басталып, хазірет Ахмед бен Мұса (ғ.) кесенесіне дейін жалғасты.
Осы лаңкестік оқиғада шәһид болғандардың жанұялары мен қала тұрғындары шәһидтердің суреттерін қолға ұстап, лаңкестік қылмыстарға қарсы ұрандар айтып, жаназа шығару рәсіміне қатысып, есте қалар ерлік жасады.