Иранның Барлау министрі: Лаңкестік ақпарат құралдары қауіпсіз болмайды
(last modified Mon, 18 Sep 2023 06:45:07 GMT )
Қыр 18, 2023 12:45 Asia/Almaty
  •  Иранның Барлау министрі: Лаңкестік ақпарат құралдары қауіпсіз болмайды

Иранның Барлау министрі лаңкестіктің насихатталуы мен жаттықтыруына және кейбір спутниктік арналардағы сепаратистер мен лаңкестік топтардың қолдауына сілтеме жасап, лаңкестік ақпарат құралдарының қауіпсіз болмайтынын айтты.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Исмаил Хатиб Iran International-дің лаңкестік ақпарат желі екеніне тоқталып: " Ешбір лаңкестік топ пен БАҚ және зорлық-зомбылықты насихаттайтын кез келген адам қауіпсіз болмайды және әртүрлі елдердің қолдауы Иранды қауіпсіздік шараларының мақсаттарынан бас тартуға мәжбүрлемейді",- деді.

Иранның Барлау министрі сондай-ақ Иранның көрші елдермен барлау саласындағы ынтымақтастығы туралы: "Көрші елдермен жақсы ақпарат алмасу, қарым-қатынас, тіпті жазбаша хат алмасу бар, ол кеңейеді деген үміттеміз",- деп айтты.

 

Тегтер