Раиси: Сириядағы шабуыл үшін жауапкершілік лаңкестердің шетелдік қолдаушыларына жүктеледі
Иран Ислам Республикасының Президенті Сириядағы лаңкестік әрекет үшін жауапкершілік лаңкестердің шетелдік қолдаушылары, соның ішінде осы елдің басқыншыларына жүктелетіенін мәлімдеді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жұма күні Сирияның Хомс қаласындағы лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту жолдауында Сирия президенті, үкіметі, армиясы мен халқына көңіл айтып, былай деп жазды: "Соңғы айларда Сириядағы лаңкестік шабуылдар мен әрекеттердің жалғасуы осы елде тұрақтылықтың қалыптасуына, орнығуына және толық қауіпсіздікке жол бермеу мақсатында лаңкестерге барлау, қауіпсіздік және логистикалық қолдау көрсетудің жалғасуымен байланысты. Сириядағы ДАИШ пен тәкфиршіл лаңкестердің аман қалуы мен операцияларын жалғастыру үшін тыныс кеңістігін құруға көмектесу сионистік режимнің Сирияның ұлттық егемендігіне қарсы шабуылды толықтырушы әрекеті болып табылады. Бұл қайғылы оқиғаның жауапкершілігі осы елдің аумақтық тұтастығына ұлттық егемендігін жүзеге асыруға және лаңкестікпен тиімді күресуге кедергі келтіріп отырған лаңкестік топтардың, соның ішінде Сирия аумақтарын басып алушылардың шетелдік қолдаушыларына жүктелетіні сөзсіз".
Раиси бұл қылмыстық әрекеттің аймақтағы қауіпсіздік, тұрақтылық және дамудың қарсыластарының лаңкестік және қатыгездік тәсілдерін жалғастырғанын көрсеткеніне назар аудартып: "Жауапты халықаралық институттар, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі осы саладағы жауапкершіліктерін орындауы керек",- деді.