Қар 19, 2023 19:16 Asia/Almaty
  • Иран Қорғаныс министрі:

Иран Қорғаныс министрі: "Әл-Ақса дауылы" операциясы басып алынған жерлердің іші-сыртындағы палестиналықтардың жаңа бейнесін көрсетті",-деп жазды.

Бригада генералы Мұхаммедреза Аштиани "әл-Уафақ" газетінде жариялаған мақаласында: "Әл-Ақса дауылы" операциясы барысында сионистік режимге жасалған соққы енді ештеңемен жөнделмейді. Саяси-қауіпсіздік мектептерінде осы операцияның тосындығы мен барлау қызметінің масқара жеңіліске ұшырауы дәріс ретінде оқытылатын болады",-деп жазды.

Амир Аштианидің мақаласында былай делінген: соғыстың алғашқы күндерінде абдырап қалған АҚШ-тың жоғары лауазымды қайраткерлері сионистік режим күйреп қалмауы және ол режимнің басшылары басып алынған жерлерден қашып кетпеуі үшін оларды ынталандырумен болды. Олар сионистер қашып кетпеуі, режим құлап қалмауы, дағдарыс АҚШ пен Еуропаға тасымалданбауы және  "Әл-Ақса дауылы" операциясы үлгіге айналмауы үшін палестиналық әйелдер мен балалардың өлтіріліп жатқанына қатысты үнсіз қалып отыр.

Тегтер