ИИР Әскери-теңіз күштеріне 42 жаңа әскери жетістік қосылды
(last modified Wed, 06 Mar 2024 11:24:49 GMT )
Нау 06, 2024 17:24 Asia/Almaty

ИИР Армиясының бас қолбасшысы  Сейед Абдулрахим Мусавидің қатысуымен Бандар-Аббастың "Имамат 1" аймағында елдің Әскери-теңіз күштеріне 42 жаңа қорғаныс және әскери жетістіктер қосылды.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, с гіз жер үсті және ұшатын әскери бірліктің, оның ішінде "Неизе"  және "Хаданг" зымыран ату мүмкіндігі бар кемелер, екі "Азарахш" торпедасы және "Рип" зымыран тасығышы, мина тасушы тікұшақ осы жаңа қорғаныс құралдарының бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ, ИИР-ның "Саханд" эсминецін 305 кабельдік дрон және 12 ұшыру қондырғысы бар "Санджар" ұшқышсыз ұшақпен жабдықтау, "Бавар 5" ұшқышсыз ұшағын радар іздеушіге дейін жаңарту, әскери-теңіз қаруы саласындағы 14 жаңа жетістіктерді ашу және пайдалану, мәселен, «Саханд» эсминецін бірінші "Саяд 3" орта қашықтықтағы әуе қорғаныс жүйесімен жабдықтау, "Альборз" жойғыш қанатты зымырандарына арналған ұшыру қондырғыларының  артуы, "Наср" зымыран жүйесі, "Вальфаджр" жерүсті шабуылдау қанатты зымыраны және жергілікті интеллектуалды мина төсейтін электр торпедасы, жарылыс күші жоғары 76 және 30 мм теңіз зеңбіректерінің снарядтары, «Талабие» стратегиялық зымыранның мобильді техникасы, жер асты қаруының электрлік торпедаларының батареяларын құрастыру және өндіру осы жетістіктердің тағы бір бөлігі болып табылады.