Маусым 04, 2024 17:51 Asia/Almaty
  • 21 алтын медаль және Иран ұлттық жеңіл атлетика командасының Батыс Азиядағы жеңіске жетуі

Иран Ислам Республикасының жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасы Батыс Азия жарыстарының чемпионы атанды.

 

9-13 хордад (29 мамыр – 2 маусым) күндері Ирактың Басра қаласында жеңіл атлетикадан Батыс Азия чемпионаты өтті.

Осы жарыстардың қорытындысы бойынша Иран Ислам Республикасының жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасы 21 алтын, 16 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Жарыс иесі Ирак 9 алтын, 13 күміс, 17 қола медальмен екінші, Катар 6 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен үшінші орынға табан тіреді.

Ирандық әйелдер бұл жарыстарда өте жақсы жарқырап, Иран үшін 40 медаль жеңіп алды және төрт ұлттық рекордты жаңартты. Ерлер бөлімінде Иран ұлттық құрамасы төрт алтын, төрт күміс және бір қола медальға қол жеткізді.

Иранның жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасының мүшелері мен техникалық қызметкерлері

Иран Ислам Республикасының жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасы бұл жарыстарға 40 спортшымен қатысты.

 

Тегтер