Иран – әлемдегі транзиттік жолдардың тоғысқан жері
Соңғы төрт айда Иран арқылы 7,6 млн тонна тауар транзиттелді.
ИИР Кеден басқармасының басшысы: "Соңғы төрт айда Иран арқылы транзиттелген шетелдік тауар көлемі 58,5 пайызға артып, 7 млн 622 мың тоннаға жетті",-деді.
Иран әлемдік тасымал мен транзит бойынша үздік стратегиялық және геосаяси жағдайға ие. Тіпті кейбір ақпарат құралдарында Иран үшін "әлемдік транзиттің тоғысқан жері" деген сипаттама қолданылады. Қауіпсіздік, қысқа жол және экономикалық тиімділік Иранның транзиттік ерекшеліктері болып табылады.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Кеден басқармасының басшысы Мұхаммед Резванифар соңғы төрт айда Иран арқылы транзиттелген шетелдік тауар көлемінің 58,5 пайызға артып, 7 млн 622 мың тоннаға жеткенін айтып: "Батыс Әзірбайжан облысының Пираншахр кеденінен транзиттелген тауар көлемі елдің басқа транзиттік кедендері арасында өткен төрт айда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 661 пайызға өсті",-деді.
Резванифар: "Пираншахр кеденінен кейін Сарахс, Парвизхан мен Башмақ кедендерінде ең көп шетелдік транзит тіркелді. Бұл аралықта тәртіп бойынша 286, 197 және 111 пайызға артты",-деді.
ИИР Кеден басқармасының басшысы өткен төрт айда Парвизхан кеденінде ең көп шетелдік транзиттің тіркелгенін айтып: "Бұл аралықта 2 млн 166 мың тонна шетелдік тауар Керманшах облысындағы Парвизхан кеденінен транзиттелді. Шәһид Реджаи, Башмақ, Базарган және Пираншахр арнайы аймақтарындағы кедендер тізім бойынша кейін орналасқан",-деді.
Осы салада ИИР Теміржол компаниясының директоры сейіт Мейад Салехи Иран мен Қытай арасында контейнерлік пойызды іске қосу рәсімінде: "Иран Қытай өнімдерін Еуроодаққа тасымалдау үшін жылдам әрі қауіпсіз қақпа бола алады",-деді.
Айта кету керек, жексенбі күні Теһранның теміржол құрғақ айлағында (Априн логистикалық орталығы) Иран мен Қытай арасында контейнерлік пойызды іске қосу рәсімі өтіп, Қытай-Иран-Еуропа дәлізінің алғашқы фазасы қолданысқа берілді.