Иран адмиралы: Иранның теңіз флоты супер күш-қуатқа айналды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i80530
ParsToday - ИИР Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы: «Халықаралық форумдарда Иранның теңіз күштері супер держава ретінде айтылады»,- деді.
(last modified 2025-07-19T11:34:19+00:00 )
Maм 17, 2025 16:42 Asia/Almaty
  • Иран адмиралы: Иранның теңіз флоты супер күш-қуатқа айналды

ParsToday - ИИР Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы: «Халықаралық форумдарда Иранның теңіз күштері супер держава ретінде айтылады»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің Иранның Телерадио бірлестігі агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, контр-адмирал Шахрам Ирани жұма күні сөйлеген сөзінде: «Бүгін халықаралық форумдар Иранның теңіз флотын алып күш ретінде айтып жатыр, ал теңіздегі қуатты елдер Иран армиясының стратегиялық теңіз күштерімен жаттығулар жасауда тәжірибе алмасқысы келеді»,- деп мәлімдеді.

ИИР Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы: «Егер бүгін дұшпандар Ислам революциясының жетекшісінің алдында тізе бүгіп, келіссөздер жүргізуді сұраса, бұл технологиялық өзін-өзі қамтамасыз ету арқылы далаға техника әкеліп, дұшпанды таң қалдыра алған ирандық жастардың талпыныстарының жемісі» деді.