Арақчи: Иран халқының бірлігі өте күшті және ең жоғары деңгейде
ParsToday - Сейед Аббас Арақчи, Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрі, «халықтың бірлігі өте күшті әрі ең жоғары деңгейде» деп: «Иранның қарулы күштері де қорғаныс саласында өте жақсы әрекет жасап жатыр»,- деді.
Сейед Аббас Арақчи, қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының отырысына қатысу үшін Түркияның Стамбұл қаласына барған Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрі, сенбі күні: «Біз қазіргі жағдайдың өте қиын екенін білеміз, бірақ Иранда жағдай жақсы деп ойлаймын. Халықтың ынтымағы өте күшті әрі ең жоғары деңгейде»,- деп мәлімдеді.
ParsToday мәліметінше, ол Иран қарулы күштерінің өзін қорғауда өте жақсы әрекет жасап жатқанына тоқталды.
Иран Ислам Республикасы сыртқы істер министрі сөзін: «Қазір жасап жатқан жұмысымыз сионистік режимнің себепсіз агрессиясы мен шабуылдарынан өзімізді қорғауымыз үшін заңды құқымызды пайдаланудамыз»,- деп жалғастырды.
Сейед Аббас Арақчи сенбі таңертең Стамбұлға Ислам ынтымақтастығы ұйымының отырысына қатысу үшін келді. Арақчи Түркияға келген кезде БАҚ өкілдеріне: «Мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдері сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін келдім. Бұл отырыс алдын ала жоспарланған еді» деп айтты.
Ол сөзінің жалғасында былай деді: «Соңғы оқиғалар мен Израиль режимінің агрессиясына байланысты біз бұл мәселеге арналған арнайы кездесу өткізу туралы өтініш жасадық, ол қабылданды және бұл кездесу өтеді. Сондай-ақ, бұл агрессияны қатаң айыптайтын өте жақсы әрі күшті мәлімдеме жарияланады деп сенеміз», деді.