Ормуз бұғазының оңтүстігінде мұнай танкері минаға соғылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85544-Ормуз_бұғазының_оңтүстігінде_мұнай_танкері_минаға_соғылды
ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусы (ИРСК) Әскери-теңіз күштерінің қоғаммен байланыс бөлімі Ормуз бұғазының оңтүстігінде ереже бұзған мұнай танкерінің минаға соғылғанын хабарлады.
(last modified 2026-10-19T11:17:41+00:00 )
Қаз 19, 2026 16:04 Asia/Almaty
  • Ормуз бұғазының оңтүстігінде мұнай танкері минаға соғылды

ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусы (ИРСК) Әскери-теңіз күштерінің қоғаммен байланыс бөлімі Ормуз бұғазының оңтүстігінде ереже бұзған мұнай танкерінің минаға соғылғанын хабарлады.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, ИРСК Әскери-теңіз күштерінің қоғаммен байланыс бөлімі хабарлағандай, Ормуз бұғазының оңтүстігінде ереже бұзған мұнай танкері теңіз минасына соғылып, салдарынан кеменің қозғалтқыш бөлмесінде жарылыс пен өрт орын алған.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері ескерту жасады: Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағы арқылы өтетін кез келген кеме навигациялық және сәйкестендіру жүйелерін өшірсе, оларға қатаң және табандылықпен шара қолданылады.