Қазақстан Президентінің қатысуымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді
Қаң 12, 2018 17:32 Asia/Almaty
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 18 қаңтарда Қазақстан Президентінің қатысуымен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау туралы жиналыс өткізеді.
Нұрсұлтан Назарбаев 16 қаңтарда Вашингтонға сапар шегіп, Орта Азия бойынша алғашқы жоғары мәртебелі делегация ретінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездеседі. Содан соң Нью-Йоркке аттанып, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде кезеңдік төраға міндетін атқаратындықтан, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау тақырыбында жиналыс өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан аймақтық ынтымақтастықтарды қалыптастыру мақсатында 19 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің Сыртқы істер министрлері деңгейінде Ауғанстанды дамыту тақырыбында жиналыс өткізуге талпыныс жасап жатыр.