Орта Азия елдерінің басшылары лаңкестік пен экстремизм туралы отырыс өткізді
Нау 16, 2018 18:25 Asia/Almaty
Орта Азия аймағындағы бес елдің басшылары Қазақстанның елордасы Астана қаласындағы отырыста аймақтағы лаңкестік пен экстремизммен күресудің жолдарын талқылады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Орта Азиядағы бес ел басшыларының отырысында аймақтағы қауіпсіздік жағдайына алаңдаушылық білдіріп, аймақ елдерінің қауіпсіздік органдарының лаңкестік және экстремизммен күресу үшін әріптестік жасауы керектігін, Қазақстанның көрші елдермен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін айтып: "Астана Қазақстан арқылы Қытай, Парсы шығанағы, Ресей мен Еуропаға тауар тасымалдау үшін транзиттік инфрақұрылымды жасауға бар күшін салады",-деді.