Қазақстан OPEC-тің мұнай өндірісін арттыруын қолдады
(last modified Thu, 04 Nov 2021 12:09:43 GMT )
Қар 04, 2021 18:09 Asia/Almaty
  • Қазақстан OPEC-тің мұнай өндірісін арттыруын қолдады

Қазақстан OPEC Plus-тың мұнай өндіру көлемін арттыруға қатысты ұстанымын қолдады.

Қазақстанның Энергетика министрлігі: "Қазақстан OPEC пен оның серіктестерінің мұнай өндіру көлемін біртіндеп арттыруды жалғастыруға бағытталған жоспарларын қолдайды",-деп мәлімдеді.

Бұған дейін Ирак пен Кувейттің мұнай министрлері OPEC Plus-тың өндірісін азайтуды жеңілдетудің қазіргі үдерісіне қолдау білдірген болатын.

OPEC Plus-қа мүше елдердің Мұнай және энергетика министрлерінің отырысы бүгін бейнеконференция қалыбында мұнай өндіру саясатына қатысты шешім қабылдау мақсатында өткізілді.