Қазақстан халқы газ бағасының қымбаттауына наразылық білдірді
(last modified Tue, 04 Jan 2022 13:34:00 GMT )
Қаң 04, 2022 19:34 Asia/Almaty
  • Қазақстан халқы газ бағасының қымбаттауына наразылық білдірді

Қазақстандықтар жаңа жыл басынан бері көшеге шығып, газ бағасының қымбаттауына наразылық білдірді.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, шерулер Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңаөзен қалаларында өтті. Шерушілер биліктен автокөлік газының литріне 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілуіне назар аударуды талап етті. Билік өкілдері шерулер мен митингілерді заңсыз деп танып, қатысушылардан өз талаптарын жазбаша түрде жеткізуді сұрады.

Қазақстанның Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасының көтерілуін сұраныс пен ұсынысты реттеудің қолайлы шарасы ретінде сипаттап, тұтыну көлемінің артуына қарамастан, газ өндірудің жылдық көлемі тұрақты сақталып отырғанын атап өтті.

Наразылықтарға реакция ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында халықты бейбіт наразылық шеру үшін заңды жолдарды қолдануға шақырған үндеу жариялады.

 

Тегтер