Сәу 14, 2022 20:27 Asia/Almaty
  • Қазақстан ядролық ластануға қарсы күресуге талпыныс жасап жатыр

Қазақстан Парламенті осы елдің бұрынғы ядролық сынақ полигонын қауіпсіз аймақ деп жариялады.

Қазақ депутаттары Семей ядролық сынақ полигоны айналасында қауіпсіз аймақ құру туралы заң жобасының алғынұсқасын бекітті.  

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, заң жобасы бекітілген жағдайда Семей полигоны маңындағы ластанған жерлер ядролық қауіпсіздік аймағы деп саналады.  

Қазақстан Энергетика министрлігі өткен жылы желтоқсан айында жүргізген зерттеулерге сәйкес, Семей ядролық сынақ полигонында болған жарылыстардың жалпы қуаты Хиросимада жарылған бомбалардың қуатынан 250 есе артық болған.

Қазақстан ядролық қауіпсіздік аймағы құрылғаннан кейін таза және ластанған жерлер бір-бірінен ажыратылып, радиациямен ластанған аймақтан тиісті арақашықтық сақталады.   

Әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі Семей ядролық сынақ полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылды.  

1949-1989 жылдар арасында Семей ядролық полигонында 458 жер үсті және жер асты бомбасы сыналды.  

Тегтер