Маусым 06, 2022 21:12 Asia/Almaty
  • Қазақстан халқы конституцияға өзгеріс енгізуге дауыс берді

Қазақстан халқы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметінің конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізуіне оң дауыс берді.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы бүгін, 6 маусымда мәлімдеме таратып: «Дауыс берушілер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 5 маусымда референдумда дауысқа салынған конституцияға өзгерістер енгізуге қолдау білдірді»,-деп хабарлады.

Осы мәлімдемеге сәйкес, жалпы дауыс берушілердің 77,18 пайызы конституцияға өзгерістер енгізуге келісті. Қазақстан конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдумды бақылау үшін халықаралық ұйымдар мен түрлі елдер, соның ішінде ИИР-дан 272 бақылаушы қатысты.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жалпы халықтың 66,06 пайызы осы референдумға қатысты деп мәлімдеді. Қазақстан азаматтарының 34 пайызға жуығы конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумға қатыспады. Бұл қатыспау қоғамның осы бөлігінің саяси-экономикалық, әлеуметтік және тіпті мәдени наразылығынан туындаған болуы мүмкін. Ал бұл жағдайда Қазақстан Орта Азиядағы ең ірі ел ретінде аймақтағы ең мықты экономикалардың біріне ие. Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастар сирек кездеседі.

Соңғы рет 27 жыл бұрын, яғни Тәуелсіздік алғаннан үш жыл өткен соң 1995 жылы Қазақстанның конституциясына өзгеріс енгізілген болатын. Қазақстанның конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдумда конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесі дауысқа салынды. Қазақ дауыс берушілері референдумда тек бір сұраққа оң немесе теріс деп жауап берді. Референдум қарсаңында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Алма Мұқанова: «Барлық өзгерістер бір-бірімен байланысты болғандықтан референдум парағында тек бір сауал қойылды»,-деп түсіндірді.

Қалай болғанда да, Қазақстанның конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдумда конституция баптарының үштен біріне өзгеріс пен түзету енгізу күн тәртібіне қойылған. Нұрсұлтан Назарбаевтан «Елбасы» мәртебесін алып тастау, жоғары лауазымды шенеуніктердің басқа мемлекеттік мекемелерге тағайындалуына тыйым салу, Президенттің өкілеттігін азайту, Парламент пен басқа да жергілікті органдардың рөлін арттыру, сондай-ақ Конституциялық сот құру – осының барлығы Тоқаев үкіметі көңіл аударып отырған мәселелер. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та өзінен «Елбасы» мәртебесі алынып тасталса да,  конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап: «Егер туысқандары оның атын жамылып, заң бұзатын болса, олар заң алдында жауап беруі тиіс»,-деді.  

Қазақстан – Орта Азиядағы ықпалды елдердің бірі. Аймаққа жетекшілік етуде Өзбекстанмен бәсекелестігіне қарамастан, Қазақстанның заңдарына қандай да бір өзгеріс енгізу Орта Азияның басқа елдеріне оң немесе теріс әсер ететіні анық. Осыған қатысты тәжік сарапшысы Ширали Резаиан: «Қазақстан Президенті ұсынған өзгерістер мен мақсаттарды орындау осы ел үшін ғана емес, Орта Азия аймағына да оң әсер етеді»,-деді.    

Қазақстан конституциясына өзгерістер енгізу бойынша өткен референдум барысын қорытындылай келгенде, Орта Азиядағы ең ірі ел аймақта айрықша жағдайға ие деп айтуға болады.  Экономикалық және әскери күш-қуатқа ие Қазақстандағы кез келген өзгеріс Орта Азияның басқа елдеріне оң жағдай қалыптастырады.  

Ал бұл жағдайда Тоқаев үкіметінің шенеуніктері мына шындықты назардан тыс қалдырмауы керек: Қазақстан халқының үштен бірінен көбі дауыс беру учаскелеріне баруға дайын болмай шықты. Бұл жағдай Қазақстанның болашақ үкіметі үшін қиыншылықтар тудыруы мүмкін деп болжауға болады.    

Тегтер