Қазақстанның Ирандағы Елшісі: Астана-Теһран қарым-қатынасының көкжиегі айқын
Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Астана-Теһран қарым-қатынасының болашақ көкжиегін жарқын деп атады.
IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, Асхат Оразбай 20 қарашада өтетін осы елдің президенттік сайлауына қатысты мақаласында: «Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы салған берік негізді ескере отырып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың болашағына оптимистік көзқараспен қарауға көптеген себептер бар. Иран мен Қазақстан арасындағы 2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығындағы сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3 пайызға артып, 350,2 миллион долларға жетті»,- деп жазды.
Қазақстанның Ирандағы елшісі сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне тоқталды.