Қазақстанның Қорғаныс министрі Иранның аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш-жігерін жоғары бағалады
(last modified Sat, 29 Apr 2023 07:47:46 GMT )
Сәу 29, 2023 13:47 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Қорғаныс министрі Иранның аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш-жігерін жоғары бағалады

Иран мен Қазақстанның қорғаныс министрлері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер қорғаныс министрлерінің отырысы аясында кездесіп, өзара пікір алмасты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммадреза Аштиани Қазақстанды Орталық Азиядағы тәуелсіз әрі ықпалды ел деп атап: «Азия елдерінің қауіпсіздігі бір-бірімен тығыз байланысты. Иран мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты арттыру екі елдің және аймақтың қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді»,- деді. Осы кездесудің жалғасында Қазақстан Қорғаныс министрі Ислам Республикасының ШЫҰ-дағы рөліне тоқталып, Қорғаныс министрлігінің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық бағытында қорғаныс дипломатиясындағы күш-жігерін жоғары бағалады.

Осы кездесудің соңында екі елдің қорғаныс министрлері ынтымақтастықты нығайту және ынтымақтастық деңгейін арттыру және екі жақтың стратегиялық мүмкіндіктерін пайдалану үшін Иран мен Қазақстандағы кездесулерді жалғастыру қажеттігін қуаттады.