6 миллион доллар – Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының көлемі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі: «Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 2,7 миллиард теңгеге немесе 6 миллион долларға жетті»,- деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Серік Жұманғарин: "2,7 миллиард теңге - Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы. Оның 500 миллион теңгесі Қазақстаннан экспортталса, қалған 2,2 миллионы Германиядан импортталады. Елімізде соңғы жылдары экспорт, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдері өсті. Германиядан сапалы өнім алып, оның орнына мұнай, ферроқорытпалар мен шикізат, кендерді осы елге жеткізіп жатқанымыз анық, бірақ соңғы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде зығырды да жеткізе бастадык. Биыл қарақұмық жеткізу басталды. Олар да біздің отандық өнімді сатып алуға үлкен қызығушылық танытуда",- деп мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен кеше Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Астанаға келді.