Қазақстан Армениямен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығу туралы келіссөз жүргізуді теріске шығарды
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i72590-Қазақстан_Армениямен_Ұжымдық_қауіпсіздік_шарты_ұйымынан_шығу_туралы_келіссөз_жүргізуді_теріске_шығарды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл елдің Армениямен ҰҚШҰ-дан шығуға қатысты ешқандай келіссөз жүргізбегенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 26, 2023 18:29 Asia/Almaty
  • Қазақстан Армениямен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығу туралы келіссөз жүргізуді теріске шығарды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл елдің Армениямен ҰҚШҰ-дан шығуға қатысты ешқандай келіссөз жүргізбегенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Cмадияров бірнеше күн бұрын ҰҚШҰ-на  мүше елдердің сыртқы істер министрлері кездесу өткізіп,  онда осы ұйымды дамытудың жаңа қадамдары талқыланғанын мәлімдеді. Ол: "Армения Қазақстаннан әскери көмек сұраған жоқ",- деді.