Тоқаев: Ресей мен Қазақстанның ортақ шекарасында ешқандай алаңдаушылық жоқ
(last modified Fri, 29 Sep 2023 12:46:49 GMT )
Қыр 29, 2023 18:46 Asia/Almaty
  • Тоқаев: Ресей мен Қазақстанның ортақ шекарасында ешқандай алаңдаушылық жоқ

Қазақстан Президенті Германия канцлерімен кездесуінде: "Ресеймен арадағы шекараға қатысты ешқандай алаңдаушылық жоқ",-деді.

"Орталық Азия елдері басшылары мен Германия" отырысына қатысу үшін Берлинге барған Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің канцлері Олаф Шольцпен кездесіп, сұхбаттасты.

Тоқаев осы кездесуде: "Қазақстанның Ресеймен арадағы шекараға қатысты ешқандай алаңдаушылығы жоқ",-деді.

Қазақстан Президенті: "Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара белгіленген. Екі елдің парламенттері мұны растап, бекітті",-деді.

Тоқаев: "Қазақстан Ресейге қарсы санкциялар режимін ұстанады",-деді.

Осы кездесудің соңында тараптар сауда, экономика, инвестиция, тасымал, логистика және басқа салаларда әріптестікті одан ары нығайтуға келісті.

Тегтер