Алматыда хостельдегі өрт 13 адамның өмірін қиды
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i74146
Алматыда жертөле мен бірінші қабат жатақхана ретінде пайдаланылған үш қабатты хостельде өрт шығып, 13 адам қаза тапты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 01, 2023 21:58 Asia/Almaty
  • Алматыда хостельдегі өрт 13 адамның өмірін қиды

Алматыда жертөле мен бірінші қабат жатақхана ретінде пайдаланылған үш қабатты хостельде өрт шығып, 13 адам қаза тапты.

ISNA агенттігінің France 24 арнасына сілтеме жасап хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, бұл адамдардың өліміне көмірқышқыл газынан улану себеп болған.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт бір сағаттың ішінде ауыздықталды. Сондай-ақ жергілікті БАҚ бұл ғимаратты жөндеуді қажет ететінін айтады. Құрбандар анықталып, сот-медициналық сараптамасы басталды. Сондай-ақ, полицейлердің мәліметінше, оқиға кезінде 72 адам болған делінген бұл жатақханадағы өрттің себебі әлі анықталған жоқ.