Орталық Азия мен Кавказдың 5 елінің қатысуымен үлкен әскери жаттығу өтеді
Қазақстанның Қорғаныс министрі биыл бұл елде Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзірбайжанның әскери бөлімдерінің қатысуымен үлкен әскери оқу-жаттығу өтетінін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Руслан Жақсылықов: "Бұл оқу-жаттығу қорғаныс және әскери дайындықты сақтау, сондай-ақ бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында өткізіледі және бұл біз үшін өте маңызды",- деді.
Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы да: " Биыл бұл елде бес елдің қатысуымен кең ауқымды оқу-жаттығулар өтеді, олар жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр",- деп айтты. Ол бұл оқу-жаттығуды маңызды әрі мәнді деп бағалап: "2024 жылы 70 мыңнан астам әскери дайындық бағдарламасы жоспарланған, олардың ең маңыздысы «Бірлестік» деп аталатын жаттығу",- деп мәлімдеді.
«Бірлестік» оқу-жаттығуына «Батыс аймақ» қолбасшылығының теңіз, әуе және арнайы операция күштері мен Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери бөлімдері қатысуда.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, генерал Сағадат Нұрмағамбатовтың (осы елдің тұңғыш қорғаныс министрі және Отан соғысының Батыры) туғанына 100 жыл толуын мерекелеу аясында күрес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің әскери қызметшілері арасында Қазақстан чемпионаты алғаш рет өтеді. Жаттығулар мен спорттық жарыстарды өткізудің нақты уақыты жарияланған жоқ.