Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Израиль режимінің Иран елшілігіне  жасалған шабуылын айыптады
(last modified Wed, 03 Apr 2024 11:51:15 GMT )
Сәу 03, 2024 17:51 Asia/Almaty
  • Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Израиль режимінің Иран елшілігіне  жасалған шабуылын айыптады

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ШЫҰ-на мүше елдердің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшыларының отырысына қатысу үшін Астанаға сапары барысында Ислам революциясы жетекшісінің  өкілі - Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Акбар Ахмадиан қазақстандық әріптесімен екіжақты кездесу өткізді.

 

Осы отырыста Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Иран Ислам Республикасының Сириядағы дипломатиялық штабына (елшіліктің консулдық бөлімі) жасалған шабуылды айыптап, бірқатар ирандық кеңесшілердің Сирияда шәһид болуына көңіл айтты.  

Бұл кездесуде екі тарап екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде қауіпсіздік, саяси, экономикалық, барлау және қорғаныс салаларындағы мәселелерді талқылап, екі ел басшылары алға қойған мақсаттарға жету үшін Ұлттық қауіпсіздік кеңестерінің тығыз байланысын жалғастыруға келісті.


 

 

Тегтер