Жел 06, 2023 22:00 Asia/Almaty
  • Газа секторының әртүрлі аудандарында қарсыласу күштері мен басып алушылар арасында ауыр шайқастар жалғасуда

Джабалия лагерінің төңірегінде және Хан Юнистің шығысында  күшті қақтығыстар болып жатыр.

Сионистік режимнің 12 арнасы әскери мамандарға сілтеме жасап, Газа секторындағы өткен тәуліктегі шайқастардың осы жолаққа құрлық шабуылы басталғалы бері ең қарқынды шайқас болғанын хабарлады. Майдан хабарлары жан-жақты шабуылдарға қарамастан Хан Юнис пен Джабалия осінде басқыншылардың бар екендігі туралы айтады.

Қарсыласу батальондары бүгін таңертең Хан Юнис пен Газа қаласындағы қақтығыстарда сионистік режимнің бірнеше броньды көлігінің жойылғанын хабарлады. Сионистік сарбаздар бетпе-бет шайқаста бірнеше рет қоршауға түсіп, көптеген шығынға ұшырады. Алайда сионистік режим өткен тәуліктегі қақтығыстарда тек 9 сарбазының қаза тапқанын мойындады.

 

Тегтер