Жел 13, 2023 19:13 Asia/Almaty
  • Палестиналық шәһидтер санының артуы;  жаппай бейітке айналған базар

Сионистік режимнің Газа секторының әртүрлі аймақтарына қарсы тәулік бойы үздіксіз шабуылдарының салдарынан шәһидтер мен жараланғандар саны артты.

 

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Әл-Маядин» телеарнасының тілшісі сионистік режим армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында шәһидтер мен жараланғандар санының артқанын хабарлады.

Осы есеп бойынша палестиналық шәһидтер саны 18 500-ден асты.

Әл-Маядиннің Газадағы тілшісі: «Бұл шабуылдарда жараланғандар саны да артып, 50 мыңнан астам адамға жетті",- деп мәлімдеді.

«Әл-Джазира» да сионистік басқыншылардың Газа секторының солтүстік бөлігін қоршауға алуы Джабалия лагері тұрғындарының лагерь базарын палестиналық шәһидтерді жерлеуге арналған жаппай бейітке айналдыруына себеп болғанын хабарлады.

Газадағы Камал Адван ауруханасының балалар бөлімінің меңгерушісі кеше: «Бұл ауруханада су, тамақ және жанармай жоқ және бұл ауруханада жатқан палестиналықтар қиын жағдаймен бетпе-бет келуде. Аурухана жан-жақтан қоршалған және нысанаға алынған. Басқыншылар барлық еркектерді сыртқа шығарып, киімдерін шешуді бұйырды; Содан кейін оларды белгісіз жаққа алып кетті",- деді.  

 

Тегтер