Қаң 23, 2024 18:11 Asia/Almaty
  • Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласына сионистік режимнің ұшқышсыз ұшақ, әуе және артиллериялық шабуылдары  күшейді

Бұл режим  босқындарды орналастыратын 5 орталығында, оның ішінде Әл-Ақса университетінің баспанасында 30 мың босқынды нысанаға алды және Насер ауруханасының айналасында бомбаланды. Хан Юниске жасалған шабуылдарда 60-тан астам адам шәһид болып, жүздеген адам жараланды.

 

Сионистік танктердің аймаққа орналасуы азаматтарды 40 шәһидтің денесін Насер ауруханасының ауласындағы жаппай қабірге жерлеуге мәжбүр етті.

Газадағы үкіметтік ақпарат кеңсесінің бас директоры босқындар арасында 20-дан астам ауру түрі тарағанын жариялап, 400 мыңнан астам палестиналық нағыз ашаршылықты бастан кешіп жатқанын хабарлады. Сионистік режимнің Газаға шабуылдары басталғалы бері 25 295 адам шәһид болып, 63 мыңнан астам адам жараланды.

 

Тегтер