Нау 01, 2024 17:59 Asia/Almaty
  • Газа Денсаулық сақтау министрлігі: Газаның солтүстігінде тағы бір баланың өлімімен бұл аймақта аштықтан өлген бала саны 13 жетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Газа секторының солтүстігіндегі тұрғындарға көмектің қажеттілігі мен шұғыл жөнелтілуіне баса назар аударғанымен,  оларға бір аптадан астам уақыт көмек көрсетілмеген.

   

Сионистік режим Газа секторының орталығында бақылау-өткізу пункттерін құру арқылы солтүстік аймақтарға көмек жіберуге кедергі жасайды.  Құдсты басып алушы режимінің жәрдем конвойына жасаған кешегі шабуылында шәһид болғандардың саны 112 адамға жетті.

Сионистік әскери ұшақтардың Газа секторының орталығындағы лагерьге жасаған бүгінгі шабуылында кемінде 10 адам шәһид болды. Кейбір шәһидтердің денелері үйінді астында қалып, оларды шығару жұмыстары жалғасуда. Хан-Юнистің солтүстік-батысындағы мектеп басқыншылардың минометпен шабуылына ұшырады. Бұл шабуылда кемінде 3 адам шәһид болып, 10 адам жараланды.

 

Тегтер