-
АҚШ пен Ұлыбританияның Йорданиядағы базаларынан Сирия әскерінің базаларына зымырандық шабуыл жасалды
Сәу 30, 2018 11:26Сирияның Tishreen газеті: "Жексенбі күні кешке Сирияның батысындағы Хама мен солтүстігіндегі Алеппо облыстарына жасалған зымырандық шабуыл АҚШ пен Ұлыбританияның Йордания территориясында орналасқан әскери базаларынан 9 баллистикалық зымыран арқылы жасалды",- деп жазды.
-
Ресей "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтаудың маңыздылығын қуаттады
Сәу 29, 2018 18:41Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Мәскеудің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу ұстанымын тағы қуаттады.
-
Абдулмалик әл-Хуси: АҚШ – Салех әс-Самадқа жасалған террорға ортақтас
Сәу 29, 2018 17:07Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы сенбі күні кешке Йеменнің Жоғары саяси кеңесінің марқұм басшысы Салех Әли әс-Самадтың шәһид болуына орай сөйлеген сөзінде АҚШ-ты Салех әс-Самадқа жасалған террорға ортақтас деп атады.
-
Иранның Ветеринария ұйымының басшысы малға қатысты биотерроризм қатері жайлы ескертті
Сәу 29, 2018 09:40Иранның Ветеринария ұйымының басшысы малға қатысты биотерроризм қатеріне көңіл аудару қажеттігін айтып: «АҚШ-та 6 вирус пен микробтың стратегиялық қоры бар. Бұл ел соларды теріс пайдалану арқылы басқа елдерге қарсы микробтық соғыс бастай алады»,-деді.
-
Қазақстанның айлақтарында АҚШ-тың әскери базалары құрылғаны туралы уәж теріске шығарылды
Сәу 28, 2018 11:26Қазақстанның Ресейдегі елшілігі кейбір ресейлік ақпарат құралдарының Қазақстанның Каспий теңізіндегі айлақтарында америкалық әскери базалардың құрылғанына негізделген ақпаратты таратуына наразылық білдірді.
-
Велаяти: Иран өзінің мүддесіне зиян тигізетін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қабылдауға дайын емес
Сәу 27, 2018 16:41Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Еуропалықтардың Дональд Трамптың көңілінен шығудағы талпынысы іс жүзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының беделін түсіреді. Иран өзінің мүддесіне зиян тигізетін «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын қабылдауға дайын емес»,-деді.
-
АҚШ-та жаңа Мемлекеттік хатшы тағайындалды
Сәу 27, 2018 16:14АҚШ Президенті Мемлекеттік хатшылыққа ұсынған Майк Помпео минималды дауыс жинап, осы лауазымға тағайындалды.
-
Америкалықтар Трамптың көші-қонға қатысты жарлықтарына қарсы шеру ұйымдастырды
Сәу 26, 2018 17:38АҚШ президентінің мигранттарға қарсы саясаттарына наразылық білдірушілер бұл елдің Жоғары сот ғимаратының алдында шеру ұйымдастырды.
-
Макрон: Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы ықтимал
Сәу 26, 2018 09:47Франция Президенті Эммануэль Макрон АҚШ-қа сапарының соңында осы елдің Президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималын айтты.
-
Шамхани: Американың қате саясаты Азияның батыс аймағын тұрақсыздыққа тіреуде
Сәу 25, 2018 18:01Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани Американы Азияның батысындағы қате саясатының аймақтағы әскери базаларының орналасуы мен оларды кеңейтіп, аймақтағы қару-жарақ саудасы мен араласушылықтары үшін бейберекеттіктер мен тұрақсыздықтарды басқару мақсатын көздейді деп атады.