-
Израиль Газада атысты тоқтату бітімін тағы да бұзды
Қар 26, 2023 16:39Палестина автономды құрылымына қарасты Уафа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль күштері Газада атысты тоқтату бітімін тағы да бұзып, 7 палестиналыққа шабуыл жасады.
-
Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері Палестинадағы өзгерістер туралы сұхбаттасты
Қар 26, 2023 16:22Иран Сыртқы істер министрі өзінің түрік әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын толық тоқтату керегін айтып: "Иран мен Түркия басқа ислам елдерімен бірге Палестина халқын қолдау үшін тегеуріндірек шаралар атқаруы керек",-деді.
-
ОАР Парламенті Израильмен қарым-қатынасты толық үзуге дауыс берді
Қар 26, 2023 16:03ОАР Парламенті Израиль елшісін елден шығаруға және осы режиммен дипломатиялық қатынасты толық үзуге басым дауыс берді.
-
Сионистік әскерилер Дженин лагеріне шабуыл жасады
Қар 26, 2023 15:14Сионистік әскерилер Дженин лагеріне шабуыл жасап, 4 палестиналықты шәһид етіп, 6 адамды жаралады.
-
Марокколықтар өз үкіметінен сионистік режиммен қарым-қатынасты үзуді талап етті
Қар 26, 2023 15:05Марокконың бірнеше қаласында, соның ішінде ел астанасы Рабат пен Танджердегі шерушілер сионистік режимге қарсы ұрандар айтып, осы режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруды Палестинаны басып алу және халықты жаппай қыруды жалғастыру деп атады.
-
Фото пост: ИЗРАИЛЬ ГАЗА СЕКТОРЫМЕН НЕ ІСТЕМЕКШІ
Қар 25, 2023 18:50Сионистік үкімет Хамаспен соғысамыз деген сылтаумен Газа секторының солтүстігін жер бетінен жойып, бейбіт тұрғындарды қырып, қалғандарын анклавтың оңтүстігіне қуып жібергеннен кейін, Израиль кенеттен, «шын мәнінде, Хамастың командалық пункттері Газа секторының солтүстігінде емес, оңтүстігінде орналасқан» деп уәжденді.
-
Халид Машал: Сионистік дұшпан өз мақсаттарына жете алмады
Қар 25, 2023 18:15Палестина исламдық қозғалысының (ХАМАС) басшысы қарсыласу жағдайының жақсы екеніне және сионистік дұшпанның өз мақсаттарына жете алмағанына тоқталды.
-
39 палестиналық тұтқын босатылды
Қар 25, 2023 15:5913 израильдік тұтқын босатылғаннан кейін, басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі «Офер» түрмесінен шыққан 39 палестиналық тұтқын Қызыл Крест күштеріне тапсырылды.
-
Сардар Фадави: Палестина халқының күші әлемді таң қалдырды
Қар 25, 2023 15:35Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының орынбасары бұрын палестиналықтардың жалғыз қаруы тастар болғанын, бүгінде палестиналықтардың әлемнің барлық күштерін таңғалдырған құралдар мен қуаттармен жабдықталғанын мәлімдеді.
-
Газа босқындары атысты тоқтату келісімі басталғаннан бері үйлеріне қайтуда
Қар 25, 2023 14:03ХАМАС-пен Израиль режимі арасында Катар мен Мысырдың арағайындық талпыныстарымен Газа секторында уақытша атысты тоқтату келісімінің басталуымен, жұма күні таңертеңнен бері бұл аймаққа өмірдің түсі қайта оралды.