-
Сенбі күні Газаға 61 гуманитарлық көмек көлігі жіберілді
Қар 26, 2023 17:58БҰҰ: "Сенбі күні азық-түлік, су мен жедел медициналық құралдар тиеген 61 гуманитарлық көмек көлігі Мысырдан Газаға жіберілді",-деп мәлімдеді.
-
Америкалықтардың бір тобы сионистік режимге оқ-дәрі жасайтын зауыттың алдында митинг өткізді
Қар 26, 2023 17:38Бұл митинг Сент-Луис қаласындағы Boeing зауыты алдында өтті. Шерушілер осы компанияның оқ-дәрілерін басып алынған жерлерге жіберуді тоқтатуды талап етті.
-
Газа үкіметі: Басқыншылар Газаның үстіне 40 мың тонна бомба тастады
Қар 26, 2023 17:00Газа үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Израиль күштері Газа секторының үстіне 40 мың тонна жарылғыш зат тастап, бұл аймақты тұруға жарамсыз жерге айналдыруға тырысып жатыр.
-
Израиль Газада атысты тоқтату бітімін тағы да бұзды
Қар 26, 2023 16:39Палестина автономды құрылымына қарасты Уафа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль күштері Газада атысты тоқтату бітімін тағы да бұзып, 7 палестиналыққа шабуыл жасады.
-
Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері Палестинадағы өзгерістер туралы сұхбаттасты
Қар 26, 2023 16:22Иран Сыртқы істер министрі өзінің түрік әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауында сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын толық тоқтату керегін айтып: "Иран мен Түркия басқа ислам елдерімен бірге Палестина халқын қолдау үшін тегеуріндірек шаралар атқаруы керек",-деді.
-
ОАР Парламенті Израильмен қарым-қатынасты толық үзуге дауыс берді
Қар 26, 2023 16:03ОАР Парламенті Израиль елшісін елден шығаруға және осы режиммен дипломатиялық қатынасты толық үзуге басым дауыс берді.
-
ХАМАС-ты жоюды ойлаған Израильге ескерту жасалды
Қар 26, 2023 15:30Сенбі күні Францияның бұрынғы 18 елшісі Le Monde газетіне берген мақаласында: "Израиль Хизбулланың соққысын еске ала отырып, ХАМАС-ты құртамын деген иллюзиядан ада болсын",-деп ескертті.
-
Сионистік әскерилер Дженин лагеріне шабуыл жасады
Қар 26, 2023 15:14Сионистік әскерилер Дженин лагеріне шабуыл жасап, 4 палестиналықты шәһид етіп, 6 адамды жаралады.
-
Марокколықтар өз үкіметінен сионистік режиммен қарым-қатынасты үзуді талап етті
Қар 26, 2023 15:05Марокконың бірнеше қаласында, соның ішінде ел астанасы Рабат пен Танджердегі шерушілер сионистік режимге қарсы ұрандар айтып, осы режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруды Палестинаны басып алу және халықты жаппай қыруды жалғастыру деп атады.
-
Фото пост: ИЗРАИЛЬ ГАЗА СЕКТОРЫМЕН НЕ ІСТЕМЕКШІ
Қар 25, 2023 18:50Сионистік үкімет Хамаспен соғысамыз деген сылтаумен Газа секторының солтүстігін жер бетінен жойып, бейбіт тұрғындарды қырып, қалғандарын анклавтың оңтүстігіне қуып жібергеннен кейін, Израиль кенеттен, «шын мәнінде, Хамастың командалық пункттері Газа секторының солтүстігінде емес, оңтүстігінде орналасқан» деп уәжденді.