Бағдад Түркия әскерилерінің Иракқа кіруіне келіскенін теріске шығарды
(last modified Thu, 13 Oct 2016 11:42:33 GMT )
Қаз 13, 2016 17:42 Asia/Almaty
  • Бағдад Түркия әскерилерінің Иракқа кіруіне келіскенін теріске шығарды

Ирак Премьер-министрінің кеңсесі мәлімдеме жариялап, Түркия әскерилерінің Иракқа кіруіне ресми немесе ауызша келісім берілгенін теріске шығарды.

Al-Alam телеарнасының хабарлауы бойынша, бұл мәлімдемеде: «Хайдер әл-Абади мен Ахмад Давудоғлының 2014 жылы Анкарадағы кездесуінде Ирактың полиция қызметкерлерін Түркия жерінде оқыту туралы мәселе көтерілген. Онда Түркия әскерилерінің Иракқа кіруі жөнінде сөз болған жоқ. Түркия осы елдің әскерилерін Иракқа жіберу мәселесін көтерді. Бұл ұсыныс қатаң қарсылыққа ұшырады, өйткені Ирак көршілес елдердің көмегін қажет етпейді»,-деп қуатталған.

Ирак жерінде Түркия әскерилерінен басқа ешбір бөгде елдің танктері мен сауытты көліктері жоқ.

Ирак әскерилері құрлықта лаңкестермен күресіп жатқан жалғыз күш болып табылады. Ирак ешбір елден өз еліне әскери күш жіберуді сұраған емес.

Тегтер