Әл-Абади: Түркияға Мосулды азат ету амалдарына қатысуға рұқсат бермейміз
Ирактың Премьер-министрі Түркия күштеріне Мосулды азат ету амалдарына қатысуға ешбір жағдайда рұқсат бермейтіндіктерін мәлімдеді.
Al-Alam телеарнасының хабарлауы бойынша, Ирактың Премьер-министрі Хайдер әл-Абади сенбі күні Анкараның осы ел күштерінің Нейнава облысының орталығы Мосулды азат ету амалдарына қатысатыны туралы мәлімдемесін теріске шығарып: «Ешкім Анкарадан осы мәселеге араласуын сұраған жоқ»,-деді.
Әл-Абади осындай күмәнді араласушылықтарды қабылдауға келмейтіндігі мен Ирак үкіметінің мұндай істің атқарылуына жол бермейтіндігіне тоқталып: «Ирак халқы өз жерін лаңкестердің басқыншылығынан азат еткісі келеді. Ирактықтар Мосулда өздері жалғыз соғысады. Ешбір бөгде күш Мосулды азат етуге қатыспайды»,-деді.
Түркия 2015 жылдың аяғынан бері өзінің жүздеген әскериін күрдтердің «Пишмарге» күштерін әскери дайындықтан өткізу және лаңкестермен күресу сылтауымен заңсыз түрде Нейнава облысының орталығы Мосулдағы Башиқа базасына орналастырып келеді.