Катар осы елдің әміріне қарсы төңкерістің жобаланғанын теріске шығарды
(last modified Thu, 28 Dec 2017 09:06:55 GMT )
Жел 28, 2017 15:06 Asia/Almaty
  • Катар осы елдің әміріне қарсы төңкерістің жобаланғанын теріске шығарды

Катардың Түркиядағы елшілігі сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жариялап, түркиялық журналдың Түркия күштері тарапынан Катардың әміріне қарсы төңкерістің залалсыздандырылғаны туралы уәждерін теріске шығарды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркияның Gerçek Hayat

журналы дүйсенбі күні Түркияның Катарға жіберген күшінің жуырда осы елдің әмірі шейх Тамим бен Хамд Але Саниге қарсы төңкерісті залалсыздандыра алғаны туралы уәж айтты.

Осы журналдың уәждері бойынша, өткен 5 маусымда Түркия армиясының арнайы жасағанының шамамен 200 сарбазы Катар үкіметін құлатуға бағытталған кез-келген әскери талпыныстың алдын алу үшін осы ел әмірінің тұратын жерін қорғауға бұйрық алған.

Катардың Түркиядағы елшілігі өз мәлімдемесінде бұл ақпараттың мүлдем шындыққа жанаспайтынын, алайда Катардың достары мен одақтастарының, соның ішінде Кувейт пен Түркияның саяси талпыныстарының  Парсы шығанағы маңындағы араб елдерінің Дохаға қарсы әскери текетіресінің күшеюіне кедергі болғанын қуаттады.

 

Тегтер