Нау 05, 2018 14:37 Asia/Almaty
  • Башар Асад: Америкалық коалиция – Сириядағы ДАИШ-тың демеушісі

Сирия президенті АҚШ басқарып отырған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияны сынға алып, оны іс жүзінде ДАИШ лаңкестік тобының әуе күштеріне айналғанын айтты.

Alalam арнасының хабарлауы бойынша, Башар Асад жексенбі күні Иран СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансаримен Дамаскте кездескеннен соң тілшілерге берген сұхбатта: "Америкалық коалцияның мақсаты – тек лаңкестік топтарға, соның ішінде ДАИШ-ке қолдау көрсету",- деп мәлімдеді.

Сирия президенті сондай-ақ Шығыс Ғуте тұрғындарының лаңкестердің қолынан құтқаруды сұрап отырғанын баяндап: "Сирия әскері осы аймақ тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында Шығыс Ғутені лаңкестердің басқыншылығынан азат ету амалдарын жалғастырады",- деді.

Башар Асад атысты тоқтату бітімі мен лаңкестерге қарсы операциялардың арасында ешқандай қайшылықтың жоқ екендігін баса айтып: "Сирия әскерінің Шығыс Ғуте аймағындағы операциялары лаңкестікке қарсы соғыстың жалғасы саналады" ,- деді.

Сирия президенті Батыс елдерінің Сирия үкіметінің химиялық қару қолданғаны туралы негізсіз уәждеріне сілтеме жасап: "АҚШ пен оның одақтастары Сирия үкіметін химиялық қару қолданды деп айыптау арқылы Сирия әскеріне жасаған шабуылдарын ақтауды көздеп отыр",- деді.

 

 

Тегтер