Бағдадтағы АҚШ елшілігінің ғимаратына жасалған зымырандық шабуылда 5 адам жараланды
Жексенбі күні кешке Бағдадтағы АҚШ елшілігінің ғимаратына жасалған зымырандық шабуылда 5 қызметкер жараланды. Олардың бірінің жағдайы өте ауыр деп хабарланды.
Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бағдадтағы АҚШ елшілігінің ғимаратына жасалған зымырандық шабуылдан кейін елшіліктің қызметкерлері тікұшақтарпен эвакуацияланды.
АҚШ-тың бір әскери қызметкері "Катюша" зымыранының осы елдің Бағдадтағы елшілігіне түскенін растағанымен қаза болғандар мен жаралылардың саны жайлы хабарлаудан бас тартты.
Жексенбі күні түстен кейін 5 "Катюша" зымыраны Бағдадтың орталығындағы жасыл қауіпсіздік ауданына атылды. Солардың бірі АҚШ елшілігіне түсті.
АҚШ елшілігі өткен бірнеше айда сан рет зымырандардың нысанасына алынды.