Мысырдың Синай түбегінде ИСИМ лаңкестерін жаттықтыратын қауіпті лагерь бар
Ақп 07, 2016 23:24 Asia/Almaty
ИСИМ лаңкестік тобы жуықта Синай сахарасындағы өздерінің жаттықтыру лагерінен түсірілген бейнелерді жариялады. Жарияланған бейнелерден ИСИМ- нің жаңа күштерінен жасақталған шағын топтың қару қолдануды үйреніп жатқаны көрінеді.
Бейнелер Әбуһәджір әл- Месри жаттықтыру лагерінен түсірілген. Сол лагердегі ИСИМ- нің барлық мүшелері үстеріне қара киім киініп, танылмау үшін беттерін бүркеп алған. Мысырдың қауіпсіздік дереккөздері жуықта Солтүстік Синай облысына қарасты Эл- Ариш қаласында кем дегенде 5 полиция күші қауіпсіздік торуылдауына жасалған қарулы шабуылдан қаза тапқанын хабарлады.