Сионистер Хайфа химиялық кешенінде жарылыс болу ықтималына алаңдаушылық білдірді
(last modified Wed, 05 Aug 2020 12:53:21 GMT )
Там 05, 2020 18:53 Asia/Almaty
  • Сионистер Хайфа химиялық кешенінде жарылыс болу ықтималына алаңдаушылық  білдірді

Басып алынған Палестинаның көптеген тұрғындары мен сионистік режим Кнессетінің өкілдері тағы да Израиль басшыларынан Хайфа химиялық кешенінде апатты оқиға орын алмай тұрғанда қатерлі заттарды қала сыртына шығаруды талап етті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль Кнессетіндегі Ликуд партиясының өкілі Гила Гамлиэль бүгін, сәрсенбі күні бір радио арнаға берген сұхбатында Бейруттегі жарылысқа тоқталып: «Хайфа айлағынан қатерлі химиялық заттарды шығару бағдарламасы 5 жылға созылады»,-деді.

Израиль Кнессетіндегі ішкі істер және қоршаған орта комитетінің басшысы Мики Хаймович те Бейрут жарылысының израильдіктер үшін өте қорқынышты болуы керектігін айтып, Хайфа орталығында мұнай-химия кәсіпорындарының жұмысын тоқтатуды сұрады.   

Хайфа экологиялық зерттеулер орталығы бүгін мәлімдеме жасап: «Хайфа айлағындағы зауыттарда 1500 қатерлі орын мен қатерлі химиялық заттың 800 түрі бар»,-деп жариялады.

Израильдің 13-ші телеарнасының бір сарапшысы: «Бейрут апатын көрген әрбір адам мұндай оқиғаның Хайфада орын алуы мүмкіндігін түсінуі тиіс. Өйткені Хайфада сұйық отын мен аммиак құйылған үлкен резервуарлар бар»,-деді.

Хайфа химиялық кәсіпорны осы қаланың айлағына жақын жерде өңдеу зауыты мен аммиак сақтауға арналған 12 мың тонналық резервуарды басқарады.  

Тегтер