Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының саммиты қорытынды мәлімдеме жариялаусыз аяқталды
(last modified Sat, 16 Apr 2016 07:15:05 GMT )
Сәу 16, 2016 13:15 Asia/Almaty
  • Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының саммиты қорытынды мәлімдеме жариялаусыз аяқталды

Стамбұлдағы Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиты кейбір мүшелердің қарсылығына байланысты мәлімдеме жариялаусыз өз жұмысын аяқтады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы саммитке төрағалық еткен Түркия Президенті Режеп Тайып Эрдоған жұма күні жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Бұл саммит «Ынтымақтастық және мүше елдердің көбірек әріптесуіне көмектесу» деген ұранмен өткізілді. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Палестинамен бірге және саяси-экономикалық тұрғыдан палестиналықтарға көмектеседі»,-деп сөзін жалғады.

Түркия Президенті қорытынды мәлімдеменің баптарын оқымастан: «Бұл саммитте қабылданған шешімдер мұсылман халықтарға даму, әл-ауқатты жақсарту, әділет пен бейбітшілік орнатуға қатысты үміт береді»,-деді.

Аталмыш саммит Сауд Арабиясының талпынысы, Мысыр Президенті әс-Сисидің қатыспауына қарамастан, Сауд Арабиясы-Мысыр-Түркия үшжақты жобасының жеңіліс табуы аясында өткізілді.

Иран Президенті мен ирандық делегация жұма күні түстен кейін Түркияның жоғары лауазымды қайраткерлерімен екіжақты келіссөздерді жалғастыру мақсатында Стамбұлдан Түркияның астанасы Анкараға аттанды.

Тегтер