Нау 17, 2023 18:07 Asia/Almaty
  • Мұхаммад бен Заид: Біз Теһранмен түсініспеушіліктерді шешуге дайынбыз

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы БАӘ үкіметінің басшысымен кездесіп, кеңесті.

Абу-Дабиге барған Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани (бейсенбі) БАӘ үкіметінің басшысы шейх Мұхаммад бен Заидпен кездесті. Шамхани осы кездесуде Иран мен БАӘ қарым-қатынастарын кеңейту және дипломатияны нығайту үшін үлкен қадамдар жасай алатынын баса айтты.

Басқа жағынан, шейх Мұхаммед бин Заед БАӘ-нің Иранмен түсініспеушіліктерді жоюға және осы елмен барлық салалардағы қарым-қатынастарды жоғары деңгейге көтеруге дайын екенін атап өтті. БАӘ үкіметінің басшысыН «Адмирал Шамханидің Абу-Дабиге сапары Иран мен БАӘ қарым-қатынасында жаңа беттің ашылуына себеп болады деп үміттенеміз»,- деп баса айтты.

Тегтер