Шетелдік  азаматтар басып алынған Палестинадан кетуде
(last modified Wed, 11 Oct 2023 14:26:12 GMT )
Қаз 11, 2023 20:26 Asia/Almaty
  •  Шетелдік  азаматтар басып алынған Палестинадан кетуде

Оңтүстік Корея азаматтары да басып алынған Палестинадан кетті.

 

 

Оңтүстік Кореяның 200-ге жуық азаматы өз еліне арнайы рейспен кірді. Германияның Сыртқы істер министрлігі толқулардан кейін өз азаматтарына басып алынған Палестинаны тастап кетуге кеңес берді. Басып алынған аумақтардағы АҚШ елшілігі де бұл елдің өз азаматтарының кетуі үшін арнайы рейстерді қамтамасыз еткенін хабарлады. Ресейдің басып алынған аумақтардағы елшісі де осы елдің жүздеген азаматы кетуге өтініш білдіргенін айтты. 3200-ден астам тайлықтар да басып алынған аумақтардан кетуге  әрекеттенуде. Бразилия мен Польша екі күн бұрын басып алынған Палестинадан өз азаматтарын эвакуациялай бастады. Бен-Гурион әуежайынан түсірілген бейнеде жаулап алынған аумақтарды тастап кеткен адамдардың тобы көрсетілген.

 

Тегтер