Басып алынған Голан жотасындағы Израиль армиясының позициясына дронмен шабуыл жасалды
Ирактың исламдық қарсыласу тобы басып алынған Голан жотасындағы Израиль армиясының позициясына дронмен шабуыл жасағанын хабарлады.
Ирактың исламдық қарсыласу тобы сенбі күні таңертең әт-Танф және әш-Шаддадтағы АҚШ базаларына шабуыл жасағанын хабарлады.
Үш күн бұрын Ирактың исламдық қарсыласу тобы Сирияның оңтүстігіндегі АҚШ базасын нысанаға алғанын айтты. Онда да дронмен шабуыл жасалған.
"Әл-Ақса дауылы" операциясының алғашқы апталарынан бері Ирактың исламдық қарсыласу тобы Палестинаны қолдау үшін іске кірісіп, Ирак пен Сириядағы америкалық базаларды зымыран және дрондармен атқылады. Осыған дейін 100-ден аса операция жүргізілді.
Ирактың исламдық қарсыласу тобы Қызыл теңіздегі Эйлат айлағы мен Жерорта теңізінде орналасқан Кариш газ кенішіндегі Израильдің нысаналарына шабуыл жасады.
АҚШ-тың бір әскери басшысы бейсенбі күні: "17 қазаннан бері Ирак пен Сириядағы америкалық базаларға қарсы кемінде 118 операция жүргізілді",-деді.