Маусым 23, 2024 18:01 Asia/Almaty
  • Йеменнің ұшқышсыз ұшақтардың жасауындағы елеулі ілгерілеуі; Газаға қарсы агрессияны тоқтату йемендіктердің Израильге шабуылдарын тоқтату шарты болып табылады

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметі келіссөз тобының басшысы Йеменде ұшқышсыз ұшақтар жасауының өте ілгері болғанын мәлімдеп: «Бұл ел кейбір қарсыласу елдерінің әскери өнеркәсіптер мен дайындықтар салудағы тәжірибелерінен пайдаланды»,- деді.

 

Мұхаммад Абдуссалам Al-Mayadeen басылымына берген сұхбатында Йеменнің бүгін мүмкін болмаған нәрсеге қол жеткізгенін мәлімдеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Абдуссалам осы сұхбатында сонымен бірге Йеменнің Израиль нысандарына қарсы операцияларының жалғасуына тоқталып: «Йемен Палестина халқына қарсы қылмыстық басқыншылық тоқтатылған жағдайда ғана өзінің арнайы операцияларын тоқтатуға дайын»,- деп айтты.

Йемен Ұлттық Құтқару Үкіметінің Америка мен Ұлыбританияның Йеменге жасаған шабуылдарына қатысты келіссөздер тобының басшысы да бұл екі елдің Израильді қорғау үшін аймаққа кіргенін баса айтып: «Америка мен Англия Газада сәтсіздікке ұшырағандай Йеменде де сәтсіздікке ұшырайды»,- деді.

Америка мен Англия соңғы айларда Йеменге бірнеше рет шабуыл жасады. Бұл шабуылдар сионистік режимге салынған теңіз блокадасын тоқтату үшін Йеменге қысым жасау мақсатында жасалып отыр. Бірақ әлі мақсаттарына жете алмады.

Газа соғысы басталғалы бері Йемен армиясының күштері мен халықтық комитеттері сионистердің қылмыстарына қарсы Палестина халқына қолдау көрсету үшін басып алынған аймақтарда тоқтаған және сионистік режиммен сауда жасайтын кемелерді нысанаға алып, Тель-Авив экономикасына ауыр қысым көрсетіп отыр.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Газаға жаңа шабуылдары басталғаннан бері 37 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 85 мыңнан астамы жараланды.

Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдықтың жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне көшуі арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері Палестина халқын геноцидке ұшыратып, оның бүкіл жерін басып алу үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды. 

Тегтер