Израильдік қоныстанушылар арасында «Біз Палестина жерінің иесі емеспіз» деген түсінік өсуде
Сионистік сарапшы израильдіктердің Израиль отаршылдық режимінің аман қалуынан үмітін үзіп жатқанын мойындады.
Сионистердің қылмыстық бет-бейнесі әлем халқына 2023 жылдың 7 қазанында «Әл-Ақса дауылы» операциясының басталуымен айқынырақ болды. Осылайша бұл мәселе бұл жалған режимнің палестиналықтардың алдында көптеген саясаттарының сәтсіздігіне себеп болды.
Pars Today агенттігінің хабарлауынша, танымал сионистік талдаушы Бен Каспит Израильдік Ma'ariv газетіндегі мақаласында бұл режимнің күйреуі жақындап келе жатқанын мойындап, ол былай деп жазды: " Бүгін Израильді жайылуы қайтадан күн тәртібіне қойылды және Израиль дұшпандарының көзқарасы бойынша бұл іске асырылатын мәселе".
Бен Каспит: "Бұл жер болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін қолайлы орын емес деп санайтын израильдіктердің саны күн санап артып келеді. Бұл күндері бұл адамдар дауыстап ойланып, қазіргі Израильдің 76 жыл бұрын әкелері құрған Израильден мүлдем өзгеше екенін атап өтеді",- деп жалғыстырды.
Бұл сионистік сарапшының жазбалары Палестинаға қоныс аударған сионистер мен яһудилердің Палестина жерінің өздеріне тиесілі емес екенін түсінгенін әртүрлі өлшемдермен растайды.
Бен Каспит сондай-ақ өз мақаласында Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға шабуыл жасаумен қатар, былай деп жазды: "Израильді барымтаға алған Нетаньяху бізге уәде еткен шешуші жеңіске қол жеткізсек те, Хамас жетекшісі Яхья әл-Санвар Газаны Салах ад-Дин Айюбидің жаңартылған және жаңа нұсқасына айналдырады. Теориялық тұрғыдан ол Израиль күшіне тарихтағы ең ауыр соққы берді, ол Израильдің барлау қызметтерін мазақ етті және Тель-Авивтің қорқынышты армандарын шындыққа айналдыру үшін израильдік әскерилерді жеңді".
Осы сионистік жазушы және сарапшының мойындауынша, Газадағы ХАМАС жетекшісі ыдырап жатқан Израиль қоғамына қарап, оның әрбір сәтінен ләззат алуда. Ол уақыттың өз пайдасына жылжып келе жатқанына бұрынғыдан да көбірек сенеді және оның есімі ұлтының тарихында мәңгілік сақталатынын жақсы біледі.