Түркия үкімет басшысы: Күрдістан жұмысшылар партиясымен келіссөз жүргізбейміз
Түркияның үкімет басшысы осы елдің Күрдістан жұмысшылар партиясы мүшелерінің Түркиямен келіссөздерді қайтадан бастауды сұрап отырғанына қарамастан Анкараның келіссөздерді қайтадан бастауға ниеті жоқ екендігін мәлімдеді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бин Әли Илдирим бейсенбі күні: Біз жікшілдерге жақын адамдардан Күрдістан жұмысшылар партиясы келіссөз жүргізуді және қаруды жерге қоюды қалап отыр деген жолдаулар аламыз, бірақ қандай жағдайда болмасын олармен сұхбаттаспаймыз" деп мәлімдеді.
«Әділет және даму» партиясының мүшелеріне қаратып сөз сөйлеген ол Түркия үкіметімен қарсылас партиялардан Түркияның әлемдік өзгерістермен бірге алға жылжуы үшін Түркияның Конституциясын өзгертуге және оны президенттік жүйеге айналдыруға келісуді сұрады.
Түркия үкімет басшысы сондай- ақ осы елдегі жуықтағы бомба жарылыстарына Күрдістан жұмысшылар партиясын жауапты деп атады.