-
Өткен екі күнде Сауд Арабиясының әуеден бомбалауы салдарынан 79 йемендік қаза болды
Қаз 10, 2018 13:43Йеменнің әскери және дәрігерлік дереккөздері өткен 48 сағаттың ішінде саудиялықтардың әуе шабуылдары салдарынан Йеменнің батысындағы әл-Ходейда облысында 79 әскери емес адамның қаза болғанын жариялады.
-
Иран мен Ирактың "Арбағин" шеруі жөніндегі комитеттерінің бірлескен отырысы өтті
Қаз 09, 2018 18:11Хосейннің қырқының жылдығына орай зиярат жасайтын адамдардың Хузестанның Шаламче шекарасы арқылы қозғалысын жеңілдету мақсатында Иран мен Ирактың Арбағин шеруі жөніндегі комитеттерінің ортақ отырысы өтті.
-
"Дамаск уақыты бойынша" атты фильм Ливанда көрсетілді
Қаз 09, 2018 18:04Бейрутте ирандық "Дамаск уақыты бойынша" (Damascus time) атты фильм "Дамаск бағытындағы 2701 рейс" деген атаумен көрсетіліп, Ливан халқының көңілінен шықты.
-
Сирияның Идлиб облысындағы әскери емес аймақтардың шекаралары анықталды
Қаз 09, 2018 13:58Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершинин "Спутник" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Идлибтегі әскери емес аймақтардың Түркия мен Ресейдің Сочидегі соңғы келісімі бойынша анықталғанын хабарлады.
-
Лариджани АҚШ-тың біржақты әрекеттеріне қарсы тұру керектігін қуаттады
Қаз 09, 2018 13:54Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы АҚШ-тың біржақты әрекеттеріне қарсы тұру үшін екіжақты және жан-жақты әрекеттерді кеңейтуді талап етті.
-
Имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағин» рәсімі туралы көптеген ақпарат құралдары хабар таратады
Қаз 09, 2018 12:15Ислам Телерадио одағының хатшысы 43 елдің шамамен 400 ақпарат арнасы мен 1600-ге жуық журналисінің имам Хусейннің (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығы, яғни «Арбағин» рәсімі туралы хабар тарататынын хабарлады.
-
Нетаньяху: Израиль Сирияның Голан жоталарынан ешқашан кетпейді
Қаз 09, 2018 10:57Сионистік режимнің премьер-министрі дүйсенбі күні өз режимінің Сирияның басып алынған Голан жоталарынан еш уақытта кетпейтінін қуаттады.
-
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Түркияға сапар шекті
Қаз 08, 2018 17:09Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы дүйсенбі күні Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үшінші парламентаралық саммитіне қатысу үшін ирандық делегацияны бастап Түркияға аттанды.
-
Башар Асад: Идлибтегі жеңіс "Ғасыр мәмілесі" жобасын сәтсіздікке ұшыратады
Қаз 08, 2018 12:14Сирия президенті Идлиб әскери амалдары басталмас бұрын орын алған батыс елдерінің дау-жанжалына тоқталып, бұл облысты азат етудің АҚШ-тың аймақтағы жоспарының сәтсіздікке ұшырауына себеп болатынын айтты.
-
Хошеғджидің досы одан жерлеу рәсіміне дайын болуды сұрағандарын айтты
Қаз 07, 2018 18:45Стамбулда жоғалып кеткен саудиялық журналист Джамал Хошеғджидің достарының бірі жауапты адамдардың одан өзін жерлеу рәсіміне дайын болуды сұрағандарын айтты. Өйткені, "Вашингтон пост" газетінің журналисі Сауд Арабиясының консулдық қызметінің ғимаратында өлтірілген болатын.