ДАИШ лаңкестік тобының бұрынғы қолбасшысы аш-Шишанидің орнын тәжік басты
Бір хабардар дереккөзі ДАИШ лаңкестік тобының Абу Омар аш-Шишанидің орнына ұлты тәжік Голмурад Халимовты өзінің әскери қолбасшысы етіп тағайындағанын хабарлады.
Иран Телерадио ұйымының мәліметі бойынша, әл-Алам хабар торабы былай деп жазған: «Осы хабардар адам сенбі күні Ирактың Alsumaria торабына берген сұхбатта: «ДАИШ лаңкестік тобының ішінен алынған мәліметтер осы топтың өздерінің бұрынғы қолбасшылары Абу Омар аш-Шишани өлген соң оның орнына Голморад Халимовты тағайындағанын көрсетеді. ДАИШ тобы ол да топтың басқа жоғары қолбасшылары сынды халықаралық коалицияның әуе шабуылдарында өледі деп қорыққандықтан оның қолбасшылыққа тағайындалғанын ресми жариялаудан бой тартып отыр». Есімінің жария болуын қаламаған осы адам сөзінің жалғасында: «ДАИШ тобы қолбасшыларының көпшілігі Сирияда орналасқан. Олар Нейнава қаласының істерін басқару үшін екінші, үшінші деңгейлі қолбасшыларды қолданады. Бұл іске бірінші деңгейлі қолбасшыларды сирек тартады. Қолбасшылардың осы тобы да танылу және өлімге ұшыраудан қауіпсініп, өте сирек жағдайларда ғана көрінеді» деді.