Иран президенті Нью- Йоркте ақпарат отырысын өткізді
ИИР президенті Сирияда ұшуға тыйым салынатын аймақ құрудың тек лаңкестерге ғана пайдалы екендігін қуаттады.
Иран президенті Хасан Рухани Нью-Йорк сапарының соңында өткізген ақпарат отырысында Сирияның барлық қиыншылықтарының тамырының лаңкестік екендігін қуаттап: «Лаңкестер барлық қару- жарақ пен шабуылдау жабдықтарына ие. Оларда тек ұшақ жоқ. Иран бүгінде үлкен бөгет ретінде лаңкестерге, атап айтқанда ДАИШ пен әл- Каида- ның лаңкестігіне қарсы тұр. Осыдан үш жыл бұрын Нью- Йоркке жасаған сапарымда атаған жайттардың қатарында қатыгездік, әсірешілдік және лаңкестікпен күрестің маңыздылығы болды, өйткені Таяу Шығыс аймағы тұрақсыздық түйткіліне тап болып отыр. Таяу Шығыс аса маңызды. Тұрақсыздық аймақпен шектелмей, өзге аймақтарға тарайды. Лаңкестік шекара танымайды. Өкінішке орай, лаңкестіктің вирусы Еуропа, Африка, Азия, Америка мен басқа барлық жерлерге тарап, бүкіл әлемге жұқтырылған» деді. Рухани «Американың теңіз және әуе күштері не себепті Парсы Шығанағына жиналып отыр?» деген сауал қойып: «Парсы Шығанағында соғыс жоқ. Егер соғыс бар болса, ол Сауд Арабиясының Йеменге жасап отырған әуе шабуылдары болып табылады. Өкінішке орай, америкалықтар оның алдын алудың орнына оларға көмек көрсетіп отыр» деді.