Иран мен Түркіменстан газ компаниялары арасындағы дау халықаралық сотқа тапсырылды
Иранның Ұлттық газ компаниясы Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің Иранға жіберіп отырған газды тоқтату туралы мәлімдемесіне берген жауапта Иранның Ұлттық газ компаниясы мен Түркіменстан газ компаниясы арасындағы дауды халықаралық сотқа тапсырғаны туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Ұлттық газ компаниясы сейсенбі күні өткен жылдары Түркіменстан газ компаниясына төрт жарым миллиард доллардан астам қарызын төлегенін мәлімдеді. Иранның Ұлттық газ компаниясының мәлімдемесі бойынша Түркіменстанның Иранның аталмыш компаниясына айтып отырған қарызы Иранға қарсы әділетсіз санкциялар салынып, ақшаны тікелей төлейтін мүмкіндік болмаған кезеңге қатысты. Бірақ Иран бұл қарызының да үлкен бөлімін тауар экспорттау немесе Түркіменстан газ компаниясына қызмет көрсету арқылы өтеген болатын.
Иранның Ұлттық газ компаниясы өз мәлімдемесінде: «Иранның Ұлттық газ компаниясы мен Түркіменстан газ компаниясы арасында қол қойылған келісім бойынша, тіпті ирандық тарап қарызын төлемеген жағдайда да бұл компанияға газ экспортын тоқтатуға рұқсат берілмеген. Сондықтан Түркіменстанның мұндай шешімі келісімді бұзу және Түркіменстан газ компаниясының халықаралық сахнада сенімді серіктес емес екендігін көрсетеді»,- деп жазылған.